Новоишим қазақ орта мектеп жанындағы Қызылжар"шағын орталығының бүлдіршіндері Алғыс айту күні аясында тәрбиешілер Н.А.Нургалиева, А.М. Каиржанованың жетекшілігімен челленджге қатысты.
01.03.2022 ж "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай АӘД оқытушысы-ұйымдастырушысы Р.Е.Еслямовтың жетекшілігімен жоғары сыныптарда ақпараттық сағат өтті. Іс- шара барысында жалпы қорғаныс жинағын дұрыс киюі және өрт сөндіргіш құралымен пайдалануы ережелері түсіндіріліп, көрсетілді.
1 наурыз күні, " Бірлік" этно- мәдени бірлестік мүшелері Алғыс айту күні аясында мектебіміздің педагогикалық еңбек ардагері, зейнеткер Ш.К.Кусаинованы мерекемен құттықтап, білім саласындағы зор еңбегі үшін үлкен алғыстарын білдірді.
1наурыз күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің "Ашық жүректер" еріктілер клубының мүшелері, яғни 7сынып оқушылары, ауданымыздың еңбек ардагері И.И. Фарбей үйіне барып, үй ауласын қардан тазалап, от жағатын ағашты үйге кіргізді. Алғыс айту мерекесі қарсанында оқушылар игі іс жасап, еңбек ардагерінің шексіз алғысына бөленді. Жарайсындар, оқушылар! Сіздердей еліміздің патриоттары көп болсын деп тілейміз!
1-ші наурыз күні "Новоишим қазақ орта мектебі " КММ-де "Алғысымыз шексіз " атты акция өтті. Акция барасында қатысушылар өздерінің достары мен ұстаздарына, ақ халатты абзал жандарға және біздің елімізге жылы лебіздер мен тілектерін жолдады.
Новоишим қазақ орта мектебіңің мектеп Парламентінің мушелері және "Жас ұлан" ұйымының мушелері Алғыс айту күні аясында "Ризамын " челленджіне қатысты.
28 ақпан күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің мектеп Парламентінің «Ақпарат және баспасөз» фракциясының мүшелері Алғыс айту күніне дәлізде ақпараттық стендт безендірді.
Селфи (ағылш. self-өзі) біздің өмірімізге берік кірді. Әдетте телефонға немесе планшетке жасалған автопортреттердің фотосуреттері танымалдығы жыл сайын артып келеді. Селфиді қарапайым адамдар, атақты адамдар және саясаткерлер жасайды. Бұл түсінікті, олар шығармашылық үшін жаңа кеңістіктер ашады, адамға жан-жақты болуға мүмкіндік береді. Әркімнің сүйікті кітабы бар, өз таңдауыңызбен бөлісіңіз ... Мүмкін біреу сіз ұсынған кітапты оқығысы келетін шығар... <br /> Осындай мақсатпен 2022 жылдың 25- ші қаңтар күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 1,2,3- сынып оқушылар арасында «Менің сүйікті кітабыммен селфи» атты іс-шара ұйымдастырылды.
"Ұшқыр ой алаңы" жобасын іске асыру мақсатында 2022 жылдың 23 ақпан күні нөмір 2- ші Новоишим орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ж.К.Калиеваның ұйымдастыруымен аудандық кітапханасында дебат ойыны өтті. Ойынға аталмыш мектебінің 8 сынып оқушыларынан құралған командасы және Новоишим қазақ орта мектебінің командасы қатысты. "Ғаламтор - заман талабы алде адамзатқа төнген қауіп" тақырыбында қызықты ойынды байқауға болды. Нәтижесінде командалар тең түсті деді төрешілер.
21 ақпанында Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- нің оқушылары үшін ауданның тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.Экскурсияның мақсаты: оқушылардың танымдық қызметін дамыту үшін жағдай жасау, мұражай туралы түсініктерін қалыптастыру, оқушылардың туған өлкесінің тарихы туралы білімдерін кеңейту және тереңдету. Туған жерге деген сүйіспеншілікті, ата-бабаларымызды құрметтеуді, аудан тұрғындарына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
15 ақпан күні кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мектеп инспекторы А.О.Казезов жолда жүру ережелері бойынша «Біз жолмен тіл табысамыз» тақырыбында әнгіме жүргізіп, оқушыларды жол бойындағы арнайы таңбаларымен таныстырып өтті. <br /> 15 февраля 2022 года школьный инспектор по делам несовершеннолетних А.О.Казезов провел с учащимися Новоишимской казахской средней школы беседу по правилам дорожного движения, а также познакомил учащихся с особыми знаками дорожного движения согласно теме «Общаемся в дороге».