Меню KDT

Новости

Главная Новости

25.09.2021

"Осенние фантации"

20-24 сентября в КГУ "Чистопольская средняя школа" прошел конкурс поделок "Осенние фантации" среди учащихся 4-7 классов.

23.09.2021

"Анаға сыйлық "

Отбасы күніне  арналған  іс-шаралар  жоспары бойынша " 2-4 сынып оқушылары арасында  "Анаға сыйлық " қол өнер байқауы өткізілді.

23.09.2021

"Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім"

17 қыркүйек 2021жылы «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Қазақстан халқы тілдер апталығы аясында "Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім" атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқу. Өлеңнің ой-мазмұнына сай , жігерлі оқу , көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу, машықтарын байқау, бағалау. Әділ -қазылар алқасы мүшелері: тарих пәнінің мұғалімі Дүйсенбин Е.Б.,қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жахина М.М., ағылшын тілі мұғалімі Аяғанова А.Б. оқушылардың мәнерлеп оқуларын бағалап, қорытындылады.
Нәтижесінде :
1 орын - Ергеш Кәусар, Шарбекова Аяулым (5сынып);
2орын - Айтбай Тілеген, Әділхан Расул (5сынып);
3 орын - Шарбекова Нұрайым (7а сынып),Естөре Нұрайым (5ә сынып)

23.09.2021

"Үш тұғырлы тіл"

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 14 қыркүйек күні Тілдер апталығы аясында 5-6 сыныптар арасында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінде "Үш тұғырлы тіл" атты викториналық- интеллектуалды ойын өтті. Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Үштілдік саясатын дамыту.
#Қазақстанхалқытілдеркүні
#ДеньязыковнародаКазахстана
#DayoflanguagesofthepeopleofKazakhstan

23.09.2021

"Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі"

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі" марафон тұжырымдамасы аясында  «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де    тәрбие  сағаттары өтті. Мақсаты: оқушылардың патриоттық сезімін нығайту, Тәуелсіздіктің 30 жылындағы ҚР отандық ауыл шаруашылығының жетістіктері мен  табыстарымен таныстыру;  тәуелсіз жылдардағы ауыл  мен  қала  дамуына шолу жасай отырып, мемлекеттің қазіргі кезеңдегі  ауылдарға  қатысты саясатына баға беру.

23.09.2021

"Күзгі кросс"

2021 жылдың 14 қыркүйек күні  "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің  2004 жылғы және одан кіші оқушылар Привольный ауылында өткен  аудандық "Күзгі кросс"   жарысына қатысып, 2-ші жалпыкомандалық орынға ие болды.