Меню KDT

Новости

Главная Новости

11.09.2021

Конкурс видеороликов «Шкатулка семейных ценностей».

Конкурс видеороликов «Шкатулка семейных ценностей».

11.09.2021

"Счастлив тот, кто счастлив дома"

Флеш-моб, посвященный Дню Семьи, "Счастлив тот, кто счастлив дома".

10.09.2021

«Кітап оқу: сән бе, әлде қажеттілік пе?»

Кітап – білімнің бас құралы. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани жан дүниені оятып, ақылшы серік болып табылатын құрал.
Дебат қозғалысының жетекшісі Б.Н. Рамазанованың жетекшілігімен 8 сыныптар арасында «Кітап оқу: сән бе, әлде қажеттілік пе?» тақырыбында Карл Поппер форматындағы дебат ойыны өтті. Мақсаты: оқушыларды өз ойларын ашық, нақты, тиянақты жеткізе білуге тәрбиелеу; оқушылардың бойында саяси мәдениетті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру.

10.09.2021

Қазақстан халқы тілдер апталығы

Қазақстан халқы тілдер апталығы аясында 8 қыркүйек күні 5-11 сынып оқушылары 3 тілде ұсынылған ребус, жұмбақ, кроссвордтарды шешті. Мақсаты:
логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту; табандылыққа, шыдамдылыққа, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

10.09.2021

9 қыркүйек күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналыған ашық сынып сағаттары

Қазақстан - бұл біздің Отанымыз,
Қазақстан – бұл біздің ардағымыз.
Кең байтақ Қазақстандай жерде туған
Біздің сірә, барма екен арманымыз!
Оқушылардың азаматтық және патриоттық сезімдерін дамыту; Отанды сүюге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 9 қыркүйек күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ашық сынып сағаттары өткізілді, онда еліміздің және аймақтың тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, сонымен қатар кезеңдері, барлық бағытта дамуы талқыланды.

10.09.2021

"Тіл – ұлы байлық"

6 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері  күніне орай "Тіл – ұлы  байлық" атты апталықтың ресми ашылуы өтті.  Мақсаты: оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу,  үштілділікке үйрету барысында жан-жақты көзқарасын дамыту. Аталған іс-шараны  қоғамдық - гуманитарлық  бағытының әдістемелік  бірлестігінің жетекшісі  Е.Б. Дүйсенбин  құттықтау сөздерімен ашып, оқушыларды апталықтың бағдарламасымен  таныстырып,   барлық іс-шараларға қызығушылықпен  қатысуға шақырды.

10.09.2021

«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»

Еліміздің дамуы-саналы ұрпақтың қолында
2021жылы 1-қыркүйек Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялады.
Президент Қазақстан халқына Жолдауын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сөздерімен бастады.
– Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз, Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір Ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда, – деді Президент.
Жолдаудың негізгі мәселелерінің бірі - САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ десе, бұл орайда мына мәселелерді атап өткен жөн. Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз. Биылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді. Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс. Ондай дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Жоғары оқу орындары мамандардың сапалы даярлануына жауап беруге міндетті. Ғылымды дамыту – біздің аса маңызды басымдығымыз. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз. Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн. Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет екенін атап өтті.
Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөзімен мемлекет басшысы білім саласы бойынша айтылған түйінді мәселелерге осылайша тоқталып өтті.
Жолдауға пікір
Тарих пәні мұғалімі: Саденова Б.Б

10.09.2021

« Кел балалар, оқылық!»

2021 –ші жылдың 1 қыркүйек күні  «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Білім күнін мерекелеу аясында санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, 2-11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған « Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында  сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. 1 сынып оқушылары үшін « Кел балалар, оқылық!»  салтанатты жиын өтті. Ертегі кейіпкерлері  бірінші сынып оқушыларына  алғашқы   «Әліппе»   оқулығын сыйға тартты.

10.09.2021

"Түнгі қаладағы балалар"

Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша 2021жылдың 27 тамызында психолог А.Жахинамен әлеуметтік педагог А.Байбулатова "#ТүнгіҚаладағыБалалар" атты рейдтік іс-шара өткізілді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.