Меню KDT

Новости

Главная Новости

27.08.2021

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

Туған жер деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.
Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына сіңіру, қандарына дарыту және Елбасымыздың жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында мектеп оқушылары жаз бойы кіндік қаны тамған жеріңе, өскен ауылыңа және ата-аналардың туып өскен жеріңе бірге барып, қаз басқан қасиетті мекеніне өз сүйіспеншіліктерін білдіруде.

27.08.2021

"Түнгі қаладағы балалар"

Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2021жылдың 13 тамызында психолог А.Жахинамен әлеуметтік педагог А.Байбулатова "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара өткізді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.

27.08.2021

«Абай-дара, Абай-дана қазақта!»

10 тамыз күні  Абай Құнанбаевтың 176 жылдығына  “Новоишим  қазақ орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып оқушылары  Ұлы Абайдың шығармаларын мәнерлеп оқыса, ортанғы және жоғары сынып оқушылары Абайдың өмірбаяны түралы ауызша журнал тамашалады. Сонымен қатар  кітапханашы Б.А. Мамбеталинова  « Жазғы мектеп» оқушылар үшін  «Абай-дара, Абай-дана қазақта!»  кітап сөресін дайындады. Мақсаты: Ұлы Абайдың шығармашылығымен танысу, оқушылардың рухани -адамгершілік мәдениетін дамыту, жас ұрпақтың бойында қазақ халқының дала ұлысына деген мақтаныш сезімін, патриоттық сезімін ояту.

27.08.2021

Мектепалды даярлық сыныбына қабылдау

Құрметті ата-аналар!!!
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ 5 жастағы балаларды 2021-2022 оқу жылына мектепалды даярлық сыныбына қабылдауды жалғастыруда!!!
Мектепалды даярлық сыныбына қабылдану үшін келесі құжаттар қажет:
- Ата-анасының /немесе заңды өкілдерінің өтініші/
- Туу туралы куәліктің көшірмесі
- Фото 3*4 /2 дана/
- Медициналық тексеру /денсаулық паспорты/

Барлық сұрақтар бойынша 20 – 4 - 57 телефонына хабарласыңыз

27.08.2021

"Түнгі қаладағы балалар"

Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2021жылдың 24 шілдесінде әлеуметтік педагог А.Байбулатова "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара өткізді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.

27.08.2021

"Нұр-Сұлтан- бас қала, арман қала"

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 30 жылдығына және Астана күні мерекесіне орай
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де онлайн форматта "Нұр-Сұлтан- бас қала, арман қала" атты сынып сағаттары, жоғарғы сыныптар арасында "Арманың Ақордам, аяулы Нұр- Сұлтан" слайд - викторинасы өткізілді. Сонымен қатар мектеп оқушыларының қатысуымен вело- пробег ұйымдастырылды.

27.08.2021

Ұлы Отан соғысы ескерткішіне экскурсия

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Рухани Жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ - нің бастауыш сынып оқушылары Ұлы Отан соғысының батырларының ерліктерін естен шығармау, тарихпен таныстыру мақсатында Ұлы Отан соғысы ескерткішіне экскурсия жасады.
#Қазақстан Республикасының 30 жыл

27.08.2021

Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік

Құрметті ата-аналар мен балалар! Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөніндегі жадынамалармен таныс болыңыздар.
#Төтенше жағдайлар

27.08.2021

" Нұр - Сұлтан- болашақтың қаласы"

6 шілде Елорда күніне орай " Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де оқушылардың бойында патриоттық сезімін күшейту мақсатында "Мен Қазақстан патриотымын" атты балалар сурет байқауы өтті. Сонымен қатар мектеп жанындағы миницентр орталығының және жазғы лагерь балалырына кітапханада
" Нұр - Сұлтан- болашақтың қаласы" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін " Дені сау мен, гүлденген Қазақстан" атты флешмоб өткізілді.

27.08.2021

Ата- аналар жиналысы

24 мамыр күні " Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де ата- аналар жиналысы  онлайн форматта, ZOOM платформасы арқылы өткізілді.  Жиналыста ата- аналар 2020-2021 оқу жылының қорытындысымен, жазғы мезгіл кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысты.  Сонымен қатар ата- аналарға жазда балалардың кешкі уақытта заңды өкілсіз жүруге болмайтыны туралы ескертілді. Жиналыста жазғы мектептің кестесі, 9, 11 сыныптарының емтихан кестесі туралы айтылды. Ата- аналар қосымша сұрақтар қойып, сұрақтарға толық, қанағаттанарлық жауап алды.

27.08.2021

«Ертегі әлеміне саяхат»

Маусым айында «Оқырман мектеп» жобасы аясында «Жазғы мектеп» оқушылар арасында «Ертегі әлеміне саяхат» атты сайыс-ойын ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Оқушыларға ертегі туралы айту, оның түрлерін бөле білу. Ертегілердің кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге үйрету.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту, ертегіні сүюге тәрбиелеу.

27.08.2021

«Жұмбақтар әлемі»

Мамыр айында «Оқырман мектеп» жобасы бойынша «Жазғы мектеп» оқушылар арасында «Жұмбақтар әлемі» тақырыбында викторина өтті.
Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиетімен таныстыру. Ой-өрісін дамыту. Тіл байлығын жетілдіру. Сөздік қорын байытып,
сөйлемнің дұрыс грамматикалық қатарын құру.
#оқырман мектеп
#жазғы мектеп