Меню KDT

Новости

Главная Новости

26.08.2021

"30 игі істер"

2021 жылы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "30 игі істер" іс-шаралар жоспары бойынша "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де бастауыш сыныптар арасында "Мақпал дәрігер" ойыншықтарды жөндеу акциясы өтті.

26.08.2021

"Біз болашақ елдің көшбасшысымыз"

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де  #Балалареңбегінқанауғақарсы12күндіккүрес    "Біз болашақ елдің көшбасшысымыз"  би марафонымен аяқталды.

26.08.2021

"Біздің лагерь-2021"

10 маусым "Біздің лагерь-2021" 1-маусымының аяқталу күні аталып өтті. Балалар көңілді сауықтыру ойын орнына барып, бұл күнді көңілді өткізді. Осы маусымда сайыстарға, жарыстарға белсене қатысқан оқушылар аталып, марапатталды. Балалар үйлеріне көтеріңкі көңі-күймен қайтты.

26.08.2021

"Мен екі тілде сөйлеу білемін"

9 маусым "Мен екі тілде сөйлеу білемін" атты орыс тілінен қызықты сайыс-сабақ өткізілді. Әр топ әртүрлі тапсырмалар орындап, жетістіктерге жете білді

26.08.2021

"Ескерткіштер- тарих қорғаушылары"

8 маусым "Туған өлкем" атты суреттер сайысы өтті. Балалар қызығушылықпен қатысып, өз өнерлерін көрсете білді. Жақсы жұмыстар марапатталды.
"Ескерткіштер- тарих қорғаушылары" ауданның ескерткіш орындарына саяхатқа барды. Елін, жерін қорғаған соғыс ардагерлеріне тағзым етіп, әр балада Отанына деген патриоттық сезім қалыптасты.

26.08.2021

«Қарлығаш» мектепішілік лагерьдің салтанатты ашылуы

1-маусым. Новоишим қазақ орта мектебінде «Қарлығаш» мектепішілік лагерьдің салтанатты ашылуы мен 1-маусым-Балаларды қорғау күні мерекесіне арналған біріктіріліп іс-шара өтті. Бұл іс-шара «Кариб теңізінің қарақшылары» атты тақырыбында ұйымдастырылды.

2-маусым. «Барлығы балалар үшін» республикалық акциясында «Достық деген не?» тақырыбында постер жасады. Балалар постер арқылы дос, достық сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіріп берді. Өздерінің достары туралы айтып берді және достармен бірге әртүрлі ойындар ойнады.

3-маусым. «Оқуға құштар мектеп» жобасы: мақсат айқын, жол жарқын негізінде «Оқырман мектеп» жобасы аясында Ыбырай Алтынсариннің «Кел,балалар, оқылық!» өлеңін тақырып аясында алынып, балалар әдеби кітаптар оқыды. Бұл жұмыста балаларға «Тізбектеп оқу» әдісі қолданылды, себебі шығарманы тізбектей оқып, бір-бірін тыңдап және жақсы оқуға тырысады.

4-маусым. 4 маусым- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. мектеп жанындағы жазғы лагерде мемлекеттік рәміздерге арналған іс-шаралар өткізілді, оның барысында балалар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады викториналарға қатысып, асфальтқа суреттер салды.

7-маусым. Ден­сау­лық–тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы дей келе, «Кім боламын?» мамандық таңдау бойынша видео көрсетілді. Дәрігер мамандығы бойынша әңгіме жүргізілді. Балалар өздеріне ұнайтын мамандықтар туралы жарыса айтып өтті. Мамандықтар бойынша жұмбақтар шешті. Басқа да жарыстар ұйымдастырылды.

26.08.2021

"Заң біз үшін, біз заң үшін "

«Новоишим қазақ орта мектебі»
"Заң біз үшін, біз заң үшін " балалар челленджіне қатысты.

26.08.2021

"Зорлық пен зомбылықсыз балалық шақ"

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында  #Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күреске  арналған   "Зорлық пен зомбылықсыз  балалық шақ"   көрмесі  ұйымдастырылды.

26.08.2021

"Балалар еңбегін қанау"

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Балалар еңбегін қанауға қарсы  12күн күреске  арналған   "Балалар еңбегін қанау" ақпараттық парақшалар таратылды.

26.08.2021

«Балалар құқығы және балалар еңбегін қанау туралы заңдарымен таныстырылды»

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ
«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпараттық кампаниясы онкүндігінің аясында ұйымдастырылған
жоспар бойынша КЖТ мектеп инспекторы А.О. Биржанова 5-10 сыныптарға «Балалар құқығы және балалар еңбегін қанау туралы заңдарымен таныстырылды» туралы дәріс өткізді. Оқушылар да өз пікірлерімен бөлісті. Барлық қамтылған оқушылар саны.

26.08.2021

"Балалар еңбегін қанауға қарсы күрес 12 күндігі"

1маусымнан 12 маусым аралығында "Новоишим қазақ орта мектеп" КММ- де "Балалар еңбегін қанауға қарсы күрес 12 күндігі" атты тақырыбында іс- шаралар өткізілуде.  Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 0-4 сыныптар арасында   "Бақытты балалық шақ" мерекелік іс- шара,  "Балалар еңбегін қанау:сұрақтар мен жауаптар" атты стенд безендірілді, Оқушыларға "Балалар құқықтары мен міндеттері" бейнеролигі көрсетілді, 8-10 сыныптар аю "Балалар еңбегін қанау" презентация әзірледі,  5-10 сыныптар арасында "Заң біз үшін, біз заң үшін" атты онлайн- челленджі өтті. Сонымен қатар " Біз балалар еңбегін қанауға қарсымыз" атты плакаттар сайысы салынды.

26.08.2021

"Туы биік елдің- тұғыры биік"

Бүгін, яғни 4 маусым күні, "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің оқушылары мен мектеп ұжымы және "Қызылжар" шағын орталығының тәрбиеленушілері Мемлекеттік рәміздер күніне орай ҚР әнұранын бірлесіп орындады.
Сонымен қатар 5-8 сыныптар арасында "Туы биік елдің- тұғыры биік" атты спорттық жарыс өткізілді.