Меню KDT

Новости

Главная Новости

13.08.2021

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

Новоишим қазақ орта мектебінде 2021 жылдың 09 тамыздан бастап 20 қыркүйекке дейін "Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың, ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері және т.б.
Акцияның мазмұны және форматы:
Ұраны - "Қауіпсіз мектеп автобусы үшін".
Акция аясында жоспарланған:
Мектептік тасымалдауды ұйымдастыру жөніңдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін зерделеу

- автокөліктің техникалық талаптарға сәйкестігін, балаларды білім беру мекемелеріне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін, жүргізушілердің құрамын (тиісті санаттарының болуына, жүргізушінің өтілі, жолда тәртіп сақтау әдеттері) тексеру, қозғалыс схемасының бар болуы;
- мектепке кірме жолдарының қауіпсіздігі (аумақты жарықтандыру, "Балалар" белгісінің бар болуы, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерді, "жатқын полицейлер" жасанды жол кедергісін және т.б. құру);
- балаларды тасымалдайтын көлік құралдарында (автобустарда) арнайы жарық (жарық түсіргіш шамшырақтар) және дыбыс сигналдарының бар болуы;

- мектепке кірме жолдарында, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің маңында қолданыстағы бейнебақылау камераларының бар болуы;

- жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобустарының жүргізушілерімен нұсқамалар жүргізу, сондай-ақ балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезінде мектеп автобустары жүргізушілерінің міндетті түрде апаттық дабыл қағуды қолдану;

Баршаңызды осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактілері болған жағдайда, оның ішінде мектептерге және үйге қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін "сенім" телефонына хабарласуыңызды сұраймыз: 8(71535) 21-4-57

13.08.2021

«Мектепке жол» акциясын өткізу туралы

Қайта оралу Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында "Мектепке жол" республикалық акциясы жалғасуда.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Ауданның білім беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың  өтініштеріне жедел әрекет ету үшін "жедел желілер", "сенім" телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасатынын айта кеткен жөн.
Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер білім беру бөліміне немесе тікелей тұрғылықты жері бойынша білім мекемесіне хабарласа алады.

Ғабит Мүсірепов атындағы
білім бөлімінің бас маманы                    А.А.Сарсекеева