6 января 2020 года в школе проведены общешкольные родительские слушания.

"Қазіргі уақытта әр қазақты ХХІ ғасырдағы қазақелі қай жолмен дамуы керек, қандай ел болуы керек, ұлттың келбеті қандай болу керек деген сауал алаңдатуда. Осы орайда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы дер кезінде шығып отыр. Мақаланың аты "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан".
Мемлекет басшысы өз мақаласында Абайдың тойын жай өткіншек той ретінде ғана емес, елдің рухани дамуына септігін тигізетін маңызды шара ретінде қарауымыз тиіс екенін атап өткен. Оның негізгі ойы бір жағынан бізге Абайды біліп, игеру болса, екінші жағынан қазіргі ХХІ ғасырдағы Қазақстан қандай болуы керек, біздің жасап жатқан қадамдарымыз қай бағытта болуы керек деген сауалдарға жауап іздеу. Менің ойымша, ол осы мақаласы арқылы сұрақтарға жауап тапқандай.
Сонымен қатар мемлекет басшысы еліміздегі білім саласына баса назар аударып, оны Абайдың білім-ғылымға қатысты еңбектерімен байланыстырғанын атап өтті. Абайдың мерейтойын тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша атап өтуге тапсырма беруі - Абайдың жер-жаһанға танылып, қазақтың мерейін асқақтата түспек.

Новоишим қазақ орта мектебінің директоры Сүйесінова Сәрсенкүл Төлеуханқызы

Новоишим қазақ орта мектебінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының балаларына Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның "Іскер әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Алия Каражигитқызы Ибраевананың қатысуымен Жаңа жыл шыршасы өтілді. Алия Каражигитқызы қауымдастық қоғам атынан 23 оқушыға келе жаткан Жаңа жыл шыршасымен құттықтап, түрлі сыйлықтар мен кәмпиттер табыс етілді. Оқушылардың, ата-аналардың атынан сіздерге алғымыз шексіз. Сіздерге шығармашылық табыс, жұмыстарыңыз жемісті болсын.