<p>Новоишим қазақ орта мектебінде 2019 ж ылдың 20 қараша күні "Бала құқығы адам құқығы", Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылына байланысты сыныптар арасында дәріс, тренингтер ұйымдастырылды. Дәріс барысында оқушылар өз құқықтарын, бала құқығы туралы Конвенция жайлы айтып өтті.Және мазаланған сұрақтарға жауап алды.</p>
<p>8 қазан Петропавл қаласында жалпы беретін пәндер бойынша облыстық ғылыми жобалар сайысында Новоишим қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Исаев Алиаскар химия пәнінен "Жұмыртқа майының құрамы мен емдік қасиетті " тақырыбы бойынша І-дәрежелі дипломмен марапатталды.</p>
<p>Ұлы Дала киелі жерлерге толы. Ол жерлерді қадірлеп-қастерлеу — ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Новоишим қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Тания Ахметқызы "Қазақстанның киелі жерлері- Отанның байлығы" атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақта оқушылар топқа бөлініп, еліміздің киелі жерлерімен таныстырды. Сабақ қызықты әрі көңілді өтті.</p>
<p>14.11.19 күні Новоишим қазақ орта мектебінде "Абайлаңыз, жұқа мұз"!" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Балаларға жұқа мұздағы қауіпсіздік ережелері туралы әңгіме жүргізіліп, қауіпті жағадайларда өзін қалай үстау туралы тақырыптық бейнесюжет көрсетілді</p>