Күз - шығармашылық үшін тамаша уақыт. Түрлі түсті жидектер, әр түрлі әдемі жапырақтар, бұтақтар, бүршіктер, құрғақ шөптер, бақшадан алынған өнімдер, жаңғақтар, тұқымдар ... Саябақта, орманда және бақта кездесетін қызықты нәрселердің бәрі қолөнер бұйымдарын жасауға жарамды. Сіздердің назарларыңызға «Калинов орта мектебі» КММ -де ұйымдастырылған «Күз» табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесін ұсынамыз. Барлық қолөнер стильде де, материал таңдауда да алуан түрлі, бірақ олардың ортақ бір қасиеті бар - олардың барлығы махаббат пен еңбекқорлықпен жасалған, және ол шынымен де сезіледі.